Қоғам

Тоқаев Назарбаевқа көңіл айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Жазылу
Мемлекет басшысы Болат Назарбаевты жерлеу рәсіміне қатыспайды
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы жерлеу рәсіміне қатыспайды", - деді Берік Уәли.
Бүгін 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды.
Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана бұл ақпаратты растады. Дәрігерлердің айтуынша, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де қайтыс болған.
Болат Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны расталды
Жаңалықтар
0