Алматы облысында жұрт Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

© SputnikПрощание с Болатом Назарбаевым
Прощание с Болатом Назарбаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023
Жазылу
Қазақстанның түңғыш президентінің інісі Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада қайтыс болды
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Алматы облысы Шамалған ауылында жұрт тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаевты соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салуға жиналған халықтың қарасы қалың. Қоштасу рәсімінде жүрген Sputnik Қазақстан тілшісінің айтуынша, онда Нұрсұлтан Назарбаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов жүр.
Еске сала кетейік, кеше 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды.
Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана бұл ақпаратты растады. Дәрігерлердің айтуынша, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де қайтыс болған.
Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы жерлеу рәсіміне қатыспайды, деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Болат Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны расталды
Жаңалықтар
0