Президент "боялған ақшамен" бюджет шығынын бақылауға болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге, иллюстративті фото
Теңге, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Президенттің айтуынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында цифрландыруды жан-жақты қолдану қажет
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық теңгеге белгі салу арқылы бюджет қаржысының жұмсалуын қадағалауға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында цифрландыруды жан-жақты қолдану қажет. Мәселен, құрылыс саласында бірнеше ақпараттық жүйе бар. Сол арқылы бөлінген қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз етуге болады.
"Бұл – өте маңызды мәселе. Себебі қаржының ұрлануы, ең алдымен, құрылыстың сапасына әсер етеді және бюджетке қосымша салмақ салады. Ақшаға цифрлық теңге арқылы ен салу және оны қадағалау, басқаша айтқанда, "ақшаны бояу" бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын өте маңызды тетік болуы мүмкін", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде цифрлық валютаны қолдануға қатысты пилоттық жобалар тиімді жүзеге асырылып жатыр. Президент осындай жобалардың ауқымын кеңейтуді, соның ішінде құрылыс саласына барынша енгізуді тапсырды.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның ұлттық төлем корпорациясының төрағасы Бинұр Жәленов цифрлық теңгені қолдану тәртібін түсіндірген болатын.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
"Бұндайды доғару керек": Тоқаев үкіметтегі бюрократияны тоқтатуды талап етті
Жаңалықтар
0